Нұр-Сұлтанда «Рухани жібек жолы» атты халықаралық конференциясы өтті
Елордада Қазақстан және Ресей мұсылмандары діни басқармаларының ұйымдастыруымен «Рухани Жібек жолы. Ислам және жастар: қазіргі заман сын-қатерлері» атты IV Халықаралық ғылыми-діни конференция өтті, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz.

2019 – Жастар жылы аясында өтіп жатқан конференция мақсаты – өскелең ұрпақты деструктивті ағымның ықпалынан сақтандыру, оларға дұрыс діни ақпарат жеткізу, діни экстремизм мен терроризмді алдын алу мақсатында Еуразия және Орталық Азия елдері дін қайраткерлерінің күшін біріктіру, тәжірибе алмасу, «Рухани жаңғыру» идеясын насихаттау, жаһандық діни мәселелерді шешуде жаңа әдіс-тәсілдерді ұсыну, ұлтаралық, конфессияаралық диалогты нығайту.

