Бұршақ, найзағай, жауын - жұмаға арналған ауа райы болжамы
«Қазгидромет» РМК 12 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Күндіз Қарағанды облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Атырау облысының кей жерлерінде тұман күтіліп, күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Жамбыл, Маңғыстау, түнде және күндіз Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. Түркістан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде бұршақ жаууы ықтимал.