Дана Нұржігіт жас қыздың тағдырымен ойнаған «Өз ойым» бағдарламасының жүргізушілерін сынады
«Өз ойым» бағдарламасына келіп, пәктігін 2 миллион теңгеге саудалаған 19 жастағы бойжеткен мен оны телебағдарламаға шақырған әріптестерін танымал тележүргізуші Дана Нұржігіт сынады, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz.
Тележүргізуші өзінің Instagram парақшасына бойжеткеннің де, бағдарлама жүргізушілерінің де таңдау еркі болғанын жазады.«Нұрболхан Шараповтың парақшасынан Айнұр Жәнібекованың әңгімесін тыңдадым. "Өз ойымда" "пәктігін саудаға салған" кейіпкер. Арзан атақ іздеген қызды хабар авторлары шақырып, аузына сөз салып берсе, сонысын мойындап бағдарламаның "ішкі кухнясын" ашу керек. Өйткені, бұл бір адамның тағдыры. Мұндай технологияларды білмейді емес, білеміз. Мәселе, соған бару немесе бармауда. Арды аттамауда. Ал мына жағдайда хабар авторлары қыздың пәктігін таптап, ертеңіне тастап кететін жігітсымақтардан қай жері артық?! Бұл қыздың тағдыры ғана емес, сүйекке таңба! Ұлтқа сын», - деп жазды Дана Нұржігіт.