Әнші Гауһар Әлімбекова сот залынан ақталып шықты
Алаяқтық үшін алты жылға бас бостандығынан айырылған Гауһар Әлімбекова сот залынан ақталып шықты, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігі.
Әншінің айыбы дәлелденбеген. Оның ісіне қатысты бүгінгі апелляциялық сотта судья ақтау туралы шешім шығарды.
«Әлімбекованың айыбы дәлелденбеді. Оның алты жылға берілген шешімі өзгертілсін. Ақталсын», - деді судья.
Сот залынан ақталып шыққан әнші рахмет айтып, көзіне жас алды.
«Әділдік жеңді. Ең алдымен Аллаға сенімнің арқасында, екіншіден менің тыңдармандарымның, жанкүйерлерімнің дұғасының арқасында жеңіп шықтым деп ойлаймын. Одан кейін жанымда жүрген жанашырларым, адвокатым мен өкілдерімнің қолдауымен, ақысыз менің ақтап шыққанына алғысым шексіз», – деді Гауһар Әлімбекова
Еске сала кетейік, 30 қаңтар күні Гауһар Әлімбекованың «алаяқтық» бабымен айыпты деп танылып, 6 жылға бас бостандағынан айырылған болатын. Арада бірнеше күн өткеннен кейін әнші қолхатпен бостандыққа шығарылып, сот отырысы осы уақытқа дейін бірнеше рет өткізілген.