Қызылордада көші-қон заңнамасын бұзған 180 шетелдік ұсталды
Қызылорда облысында «Нелегал-2019» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігі.

«Заңды бұзғандардың көпшілігі бұл шетел азаматтарының ішінде Өзбекстан Республикасынан келген азаматтар болып табылады. Құжаттарын дер кезінде заңдастырмай, еңбекке рұқсат алмай жұмысты жүзеге асырып жатқандықтан осындай іс-шара барысында ұсталып, барлығы заң бойынша жауапкершілікке тартылады», - дейді облыстық полиция департаментінің КҚҚБ арнайы взводының инспекторы Ғабит Балқожаев.