Ішіп алып көлік жүргізген жаңақорғандыққа айыппұл салынды
Жаңақорған аудандық соты төрағасының міндетін атқарушы Ә.Түбекбаева брифинг өткізді, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігі.
Брифинг барысында Ә.Түбекбаева сотталушы Н.-ға қатысты істің мән-жайын айтып өтті.
Айыпталушы Н. соттың 2016 жылы 2 қарашасындағы қаулысымен 3 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылған. Осындай шартты жазасына қарамастан ол биылғы жылдың ақпан айында Жаңақорған кенті Тәуелсіздік көшесі бойында мас күйінде автокөлік басқарған.
Медициналық қорытындының нәтижесі бойынша айыпталушы «орта» дәрежелі мас күйінде болғаны анықталды.
«Ол өзінің заң бұзушылық әрекетін толық мойындап, оның бұл қылмыстық әрекеті дәлелденген. Сот үкімімен айыпталушы Н. көлік басқаруға құқығынан 3 жыл мерзімге айырыла отырып, оған 30 АЕК мөлшерінде, яғни, 75750 теңге айыппұл салынды», - деді Ә.Түбекбаева.