Министрлік вакцинацияға қатысты ұсынысты қолдаған жоқ
ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі вакцинациядан бас тартқандарға 10 АЕК (22 690 теңге) көлемінде бір реттік айыппұл салуды ұсынған болатын, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz ktk.kz арнасына сілтеме жасап.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі вакцинациядан бас тартқандарға 10 АЕК (22 690 теңге) көлемінде бір реттік айыппұл салу туралы ұсынысты қолдаған жоқ. Бұл туралы қоғамдық денсаулық сақтау комитеті төрағасының орынбасары Берік Шәріп мәлімдеді.
«Коституцияда «тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі - кез келген адамның құқығы» деп анық жазылған. Бұл – әр адамның құқығы. Ендеше ҚР азаматы оны пайдалана ма, жоқ па – ол өз еркі. Айыппұл салу бастамасын қолдамаймыз. Ата заң – басты құжат. Еуропа елдерінде вакцинациядан бас тартқаны үшін айыппұл салады. Мысалы, Италияда вакцинаның жоқтығынан ауырып қалған бір адамға кететін ем-домды есептеп, 2-7 мың еуро көлемінде айыппұл кіргізді. Балабақшаға вакцинациясыз алмайды. Алайда бізде әзірге ондай норма жоқ. Бұл мәселені түсіндіру жұмыстары арқылы шешіп келеміз», - деді Б.Шәріп.