Бейсенбіге арналған ауа райы болжамы
«Қазгидромет» РМК 11 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.
Атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты оңтүстік және шығыстың кей жерлерінде жаңбыр жауады. Қалған аумағында ауа райы жауын-шашынсыз болады.
Кей жерлерінде тұман, жел күшейеді, найзағай күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін. Күндіз Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.
Жамбыл облысында кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін. Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман күтіледі.
Алматы, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.