Президент сайлауы-2019: Үгіт-насихат 11 мамыр күні басталады
Президенттікке кандидаттарды тіркеу аяқталған күннің ертеңіне, яғни 11 мамыр күні үгіт-насихат жұмыстары басталады. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz.
Президенттікке кандидаттарды ұсыну құқығы 2019 жылдың 10 сәуірде басталып, 28 сәуір күні сағат 18.00-де аяқталады. Кандидаттарды тіркеу ағымдағы жылдың 11 мамыры күні сағат 18.00-ге дейін жалғасады.
«Сайлау алдындағы үгіт-насихат кандидаттарды тіркеу кезеңі аяқталғаннан кейін (11 мамыр) дереу басталады және дауыс беру күні алдындағы күні 00.00 сағатқа дейін яғни 8 маусым кұні 00.00-ге дейін жалғасады», - деп айтты Петров Орталық сайлау комиссиясы отырысында.
Сондай-ақ, «Сайлау туралы» КР заңының 28-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының президенттігіне тіркелген кандидаттарға эфир және баспасөз бетінен орын беру төлемақысының мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы мәліметтердің хабарлау мен жариялау сайлау алдындағы үгіт басталғанға дейін 5 күннен кешіктірілмей 2019 жылыдң 5 мамырына дейін өткізуі тиіс.
Күнтізбелік жоспардағы бірқатар баптар сайлау процесіне қатысушыларды сайлау комиссияларының құрамдары сайлау учаскелерінің орналасқан жерлері, сайлаушылардың тізімдерімен танысу үшін ұсыну мерзімдері туралы ақпараттандыру мерзімдерін белгілейді.
Осылайша дауыс беру 9 маусымда жергілікті уақыт бойынша 7.00-ден 20.00-ге дейін өтеді. Дауыс беру аяқталған кезден бастап 12 сағаттан кешіктірмей сайлау учаскелерінде дауыстарды санау жүргізіледі. Әкімшілік аумақтық бірлестіктер бойынша дауыстарды санау нәтижелері аумақтық комиссиялардың отырыстарында белгіленеді және ОСК-ға екі күн мерзім ішініде, яғни 11 маусымнан кешіктірілмей жеткізіледі.