Жастар үшін табысты жоба
Бүгін облыстық "Жас Отан" ЖҚ төрағасы Талғат Тілес Қызылорда қаласының Тасбөгет кентінде жоба аясында ағылшын тілін «Pre-intermediate» және «Elementary» деңгейлерін үйренген оқушыларға сертификаттар табыстады, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz.
"Нұр Отан" партиясының бастамасымен "Жас Отан" Жастар қанатының жүзеге асыруымен "English for jastar" жобасы Қызылорда облысында табысты іске асырылды.
Жобаның негізгі мақсаты – ауыл мектептеріндегі оқушылар арасындағы ағылшын тілінің деңгейін көтеру, ағылшын еріктілерін тарта отырып, ауылдық елді-мекендердегі мектеп оқушыларына тегін ағылшын тілін үйрену үшін ауыл мектептеріндегі оқушылардың ынтасын арттыру.
Еліміздің шалғай ауылдарындағы балаларға ағылшын тілін үйретуге бағытталған жоба ағылшын тілін меңгерген еріктілер арқылы жүзеге асты.
Жоба аясында 2019 жылы облысымыздағы 10 еріктінің белсенділігімен 150 оқушы 2 ай «Pre-intermediate» және «Elementary» деңгейлерін тегін үйренді.