Қазақстанды әйел адам басқара ала ма: Мәжіліс жауап берді
Қазақтанда 9 маусым күні президент сайлауы өтеді. Мәжіліс вице-спикері Гүлмира Исимбаева Қазақстан басшысы әйел адам болуы мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Заңнамамыз бойынша, Ата заңнан бастап, елімізде сайлауға қатысу үшін жынысқа байланысты ешбір шектеулер жоқ. Депутаттар съезде ( Nur Otanпартиясының - ред.) ұсынылатын үміткерді қолдайды", - деді Гүлмира Исимбаева.
Дегенмен ол партиялар президентке үміткер ретінде бір ғана адамды ұсынуы мақсатқа сәйкес болатынын жеткізді.
"Партия - салихалы орган, саясатымыз ақылға қонымды. Бір партия бір ғана үміткер ұсынуы мақсаттылыққа сәйкес болады деп есептеймін", - деп сөзін қорытындылады ол.