Қай аруың саудалап жүр, пәктігін?

Қай аруың саудалап жүр, пәктігін,
Қыздығымен мал жинады, айтшы кім?
О, жүзқара, бетің құрсын, албасты,
Иманы кем, азғындаған, боқ шыбын.
Өңеш жыртып, даурығасың, ез неме,
Бар сұлудың адалдығы сенде ме?
Анаң байғұс, бұл өмірге әкелген,
Қысылады көрші-көлем, елден де.
Ұмыттың ба, бар екенін қарындас,
Болған шығар, аяулыңда көңіл пәс.
Алшаң басқан, асқақ шынар әкенің,
Көңіліне салдың енді, қара тас.
Тұр түңіліп, маңғаз далаң, ауылың,
Құны неде, төмен етек, ауының?
Бар мәселе, соған қарап қалғандай,
Ашып бердің, ұятты жер айыбын.
Мейлі маған, тіпті, өтің жарылсын,
Қор қылмайды, қалың қауым намысын.
Жар саламын, ұрпағымның ары үшін,
«Қолда қазақ, бұл- масқара жабылсын!»
Жұмабек ТАБЫНБАЕВ,
Қазалы ауданы.