Азаматтарды сайлау науқанынан тыс қалмауға шақырамын

Бұл – демократиясы гүлденген мемлекеттердің ұстанған бағыты. Осы орайда азаматтарымызды сайлау науқанынан тыс қалмауға шақырамын. Өйткені, халыққа қызмет етуде биліктен де басқа орындардың жауапкершілігі аса зор. Түптеп келгенде, демократиялық мәдениеттің орнығып, қалыптасуына бәріміздің де қосар үлесіміз бар.
Бұл ретте Президент мұндай шешім тек халықтың тікелей еркімен сайлауда қабылдануы қажет екенін атап өтті. «Қазақстан - демократиялық мемлекет. Президент халықтың таңдауымен сайланады. Мен, Мемлекет басшысы ретінде, сайлаудың таза, ашық әрі әділ өтуіне кепілдік беремін! Бұл - менің берік ұстанымым! Алдымызда зор міндеттер тұр. Мен халқымызға, яғни Сіздерге сенемін», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мен де Қазақстанның сайлауға құқы бар азаматы ретінде заңды сайланатын азаматтарға сенім артамын.
Сәулет САХИЕВ,
Саяси ғылымдарының кандидаты
Саяси ғылымдарының кандидаты