Облыс нарығындағы жаңа өнім
Жаңақорған ауданындағы «Әбділла» ЖК өткен жылдан бастап жүгері сусынын өндіруді қолға алды, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz.
Өнім барлық санитарлық талаптарға сай, Қазақ тағамтану академиясының сапасы жақсы, тұтынушыларға ұсынуға болады деген негіздемесін алған.
Жоба бастамашысы Қасым Абжаппаров жобаны жүзеге асыру үшін «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында мемлекеттен 3 млн тенге грант жеңіп алған.
Бүгінгі күні, кәсіпорын өнімін тек облыс көлемінде ғана емес, Ақмола, Ақтөбе және Қостанай облыстарына жіберуде. Жоба бастамашысы алдағы уақытта қарбыз бен қауын сусынын шығаруды жоспарлап отыр.