Қызылордада электронды билет жүйесін орнату жобасы жүзеге асады
Биыл Қызылордада цифрландыру бағыты бойынша 52 жобаны жүзеге асыру жоспарланған, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігі.
Бұл жобалардың 13-і ІТ-парктің іс-шаралары аясында іске асырылатын болады. Сонымен қатар алдын ала қаржы көздері бюджеттік инвестициялар бойынша 24 жоба, мемлекеттік жеке-меншік әріптестік аясында 9 жоба, жеке инвестордың қаражаты есебінен 5 жоба және шығынсыз 1 жобаны жүзеге асыру жоспарланған.
Ағымдағы жылы аймақта көлік саласы бойынша 3 жобаны іске асыру көзделіп отыр. Атап айтқанда, қоғамдық көліктің тартымдылығын арттыру, төлемді қабылдау процесін сәйкестендіру, жолаушылар ағынын диспетчерлендіру. Сондай-ақ мониторингілеу мақсатында мемлекеттік жеке-меншік әріптестік аясында «Қызылорда қаласының қоғамдық көліктеріне электронды билеттеу жүйесін орнату» жобасы жүзеге асырылатын болады. Бұл жоба жолаушылардан түскен қаражатты жымқыру секілді заңбұзушылықтың алдын алуға септігін тигізетіні анық.
Айта кетейік, бұл жоба нәтижесінде көлік ұйымдарының жыл сайынғы табысы 270 млн теңгеге артады деп күтілуде.