Ең маңыздысы – сайлаудың әділ өткені
Елбасы отставкаға кеткеннен бері кезектен тыс президент сайлауы өтеді деген әңгімелер ел арасында айтылып келген. Республика Президенті өкілеттігін уақытша атқаратын Қасым-Жомарт Тоқаевтың үндеуін қарағаннан соң «бұл – Қазақстанда кең тараған практика, оған таңданатын ештеңе жоқ» деген ойға да қалдым. Бұған дейінгі соңғы президент сайлауы да кезектен тыс өткен болатын. Дегенмен, осы жолғы сайлау, алдыңғы сайлаулардан өзгерек болғалы тұр. Мен үшін маңыздысы, кезектен тыс, яки мерзімінде өтсе де, әділ түрде өткені.
Кемедегенің жаны – бір. Менің бұл сайлаудан күтерім, кемедей болған елімізді әлемнің қатерлі толқындарынан сау-саламат сақтауға септігі мен еңбегі сіңетін парасатты президенттің сайлануы. Халықтың пейілі мен бағына орай ондай мемлекетшіл тұлға келеді деп үміттенемін.
Нұрсұлтан Қаражан,
Ақпараттық талдау орталығының
сарапшысы, әлеуметтанушы