ХІV Халықаралық «Жұлдызай» фестивалі өтті
Қызылордада ХІV Халықаралық «Жұлдызай» балалар шығармашылығының фестивалі өтті, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz.

Бүгін аталған жоба аясында жергілікті партия өкілдері ерекше білім алуға қажеттіліктері бар балалардың ХІV Халықаралық «Жұлдызай» балалар шығармашылығы фестиваліне қатысып, мүмкіндігі шектеулі балғындардың қолынан шыққан қолөнер бұйымдары көрмесін тамашалады. Фестиваль аясында ән, би, ыммен ән айту, аспапта ойнау номинациялары бойынша бақ сынасқан өмір мен өнерге құштар балғындардың шығармашылығына табыс тіледі.
Жалпы нұротандықтар мүмкіндігі шектеулі балаларды шығармашылық әлеуметтендіруді мақсат еткен «ВІ Жұлдызай» фестиваліне 3 рет қатысып, балғындарға қолдау көрсетіп отыр.


