Жұлдыздар не дейді?
oldkaz.kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 9 сәуірге арналған жұлдыз-жорамалы.
Тоқты
Тоқты
Жұмысқа қатысты барлық жаңа идеяларыңыз жүзеге асады. Бірақ арқаны кеңге салуға болмайды. Діттеген мақсатқа жетуге аз қалды. Сондықтан шыдамдылық танытып көздегеніңізге жетуге тырысыңыз.
Торпақ
Бүгінгі күн әртүрлі бағытта кездесулер ұйымдастыруға қолайлы болмақ. Әсіресе маңызды мәселелерді талқылауға таптырмас күн. Көпшілік жерде тереңнен ой қозғап, елді өзіңізге қаратасыз.
Егіздер
Табысқа жетуге болады. Ниетіңіздің тазалығы соншалық жаныңыздағыларды өз мақсатыңызға пайдаланбайсыз. Жаңадан іс бастауға қолайлы күн. Жаңашылдыққа тез үйренесіз.
Шаян
Мақсатқа жету үшін алған бетіңізден қайтпаңыз. Бүгінгі күн жаңа іс бастауға қолайсыз. Жақындарыңызбен қарым-қатынасыңыз қиындай түседі. Бұрын достық қарым-қатынаста болған жандармен бәсекелесесіз.
Арыстан
Сүйікті адамыңызға көп көңіл бөліңіз. Әйтпесе, араларыңызда қиындық туындауы мүмкін. Маңызды мәселелерді талқылаңыз. Тек сабырлылық таныта біліңіз. Кешке қарай жаңа идеялар мен алдағы күндерге құрған жоспарлар туралы айтыңыз.
Бикеш
Жұмыста да, жеке өмірде де жаңа бастамаларға сәтті күн. Айналаңыздағылар сіздің мықты тұсыңызды байқайтын болады. Жұмыста аздаған мәселелер туындауы мүмкін. Жұмысқа өз көзқарасыңызды өзгертіңіз.
Таразы
Сырт келбетіңіз көпшілікке ұнайтын болады. Бүгін жұмысқа ден қойыңыз. Басшылықтың сенімін ақтауға тырысыңыз. Әйтпесе, біршама мәселелерге кезігуіңіз мүмкін.
Сарышаян
Жаңашылдыққа ұмтыласыз. Өз таным көкжиегіңізді кеңейтуге тырысасыз. Осы қасиетіңіз арқылы қызықты ақпараттарға кезігесіз. Кез келген бастамаңыз табысты болмақ.
Мерген
Өте керемет күн. Күш-қайратыңыз тасып тұр. Сондықтан кез келген кедергіні жарып өте аласыз. Барлық істі өзіңіз атқарып шығасыз. Бірақ «көмек көрсетемін» деген жандарға мүмкіндік беріңіз.
Тауешкі
Іскерлік және жеке қарым-қатынастарды ретке келтіріңіз. Қазіргі таңда басыңыздан өтіп жатқан жағдайға шынайы қарап көріңіз. Сонда ғана қай жерде қателік жібергеніңізді ұғатын боласыз. Шешім қабылдамас бұрын көп ойланыңыз.
Суқұйғыш
Іскерлік әлемінде қатал болыңыз. Қандай жағдай орын алмасын өз ұстанымдарыңыздан таймаңыз. Жақын адамдарыңызға керісінше, жұмсақтық танытыңыз. Олармен қарым-қатынаста сабырлы болыңыз.
Балықтар
Жаңа жұмыста да табысты бола аласыз. Кез келген істің ақ-қарасын айырып, барлық істі назардан тыс қалдырмайсыз. Мұныңыз көп қателіктің алдын алкға көмектеседі.