Қызылорда облысынан мақсары майы экспортталуда
Қызылорда облысынан өткен жылы 70 тоннаға жуық мақсары майы экспортталды, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz.
Қызылорда облысында ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорттық әлеуетін арттыру және өткізу нарығын кеңейту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді.Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының дерегінше аймақта 2013 жылы экспортқа өнімнің 3 түрі ғана шығарылса, бүгінгі күнге оның саны 15-ке жеткен.
2018 жылы облыс мақсары майын экспорттауды бастап, 70 тоннаға жуық өнімін Қытайға жөнелтті. Осы жылы да экспорт көлемін ұлғайту бағытында жұмыстар атқарылуда.