Жаңақорғандықтар ауылдасына үй салып берді
Қызылорда облысы Жаңақорған ауданына қарасты Қыркеңсе ауылдық окурігінің тұрғындары тұрмысы төмен отбасына жаңа баспана салып берді, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Хайрынса Қалиеваның үйді қайта салуға жағдайы жоқ еді. Өзі жұмыссыз, күйеуі жоқ. Осылайша ауыл тұрғындарының ауызбірлігі арқасында қайырымдылық ісі жасалды. Ел ағалары Төлеген Құрманов, Жолдасбек Рашев, Көпжасар Жантелеев қолдан келген көмектерін аяған жоқ», - дейді Қыркеңсе ауылдық ардагерлер ұйымының төрағасы Тоқтасын Төлепбергенов.