Тасбөгетке мектеп салу қажет
Қызылорда қаласына қарасты Тасбөгет кентінде халықтың санының көбеюіне байланысты мектеп қажеттілігі туындап отыр, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігі kyzylordatv.kz арнасына сілтеме жасап.
Бұл туралы қала әкімінің төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде айтылды.
Жиындағы негізгі мәселе, қала іргесіндегі 30 мыңға жуық халқы бар Тасбөгет кентінде мектеп қажеттілігі туындап отыр. Негізі кентте 4 мектеп бар. Бірақ оқушы саны шамадан тыс көп болып тұр.
Бұл туралы қала әкімінің төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде айтылды.
Жиындағы негізгі мәселе, қала іргесіндегі 30 мыңға жуық халқы бар Тасбөгет кентінде мектеп қажеттілігі туындап отыр. Негізі кентте 4 мектеп бар. Бірақ оқушы саны шамадан тыс көп болып тұр.
«Жалпы орта білім беру саласында оқушы сыйымдылығына қатысты мәселе бар екені анықталып отыр. Осыған орай кенттің шет аймақтары, сонымен қатар «Сабалақ» елді мекенінде 3 мыңнан астам халқы бар екенін ескере отырып бір мектеп құрылысын салу қажеттілігі бар деп есептеймін», - дейді Тасбөгет кент әкімі Пахуадин Шамұратов.
Соңғы екі жылда Тасбөгеттің көшелерін жөндеуге 1 млрд теңгеге жуық қаржы бөлініп, жөндену жұмыстары жүргізілді. Енді асфальт төселмеген санаулы көше қалды. Оларға жоба-сметалық құжат әзірленген.«Аталған көшеге орташа жол жөндеу жұмыстарына жоба-сметалық құжаттары әзірленген. Енді осы бағыттағы жұмыстарға қаржы бөлуге ықпал жасауыңызды сұраймыз», - деді кент әкімі.
Қала әкімі бұл бағыттағы жұмыстарға қолдау болатынын айтып, санитарлық тазалыққа, қылмыстың алдын алу бағытында атқарылуы тиіс жұмыстар бойынша тапсырмалар берді.«Ағымдағы жылдың 1 мамырына дейін кентте белсенді кәсіпкер субъектілер санын 100 пайызға жеткізу бойынша нақты шаралар қабылдансын. Бюджет қаржысын сапалы және мерзімінде игерілуі қамтамасыз етілсін. Саябақтарды, скверлерді ластау, оның ішінде белгіленбегені орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау және айналасындағыларды сыйламаушылықты білдіретін қоғамдық тәртіпті және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да әдеттері бойынша салынған айыппұлдарды өндіртуге нақты шаралар қабылдансын», - деді қала әкім Нұрлыбек Нәлібаев.
Сондай-ақ мәжілісте атаулы әлеуметтік көмекке қатысты атқаралып жатқан жұмыстар талқыланды. Сәуір айнының 1-нен бастап құжат қабылдау басталды. Екі күнде әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 1 500-ден астам тұрғынға қызмет көрсеткен.«1-2 сәуір күндері тек қала бойынша 2 мың азаматқа қабылдау жүргізілді. 450 отбасының құжаты қабылданды. Қалғандарына заңдылыққа сәйкес түсініктемелер берілді. Жалпы алғанда қазіргі таңда оңтайлы енгізілген өзгерістер түсіндіріліп, өтінішті қанағаттандыру жұмыстары жүргізілді, - дейді қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актлерін тіркеу бөлімінің басшысы Гүлмира Рахметова.
Расында құжат тапсыруға, кеңес алуға келіп жатқан тұрғындар көп. Шаһар басшысы барлығының өтінішін мұқият қарап, дұрыс жауап беру қажеттігін тиісті сала мамандарына тапсырды.