Қызылордада жастар арасындағы жұмыссыздық мәселесі қаралды
Қызылордада жастар кеңесінің көшпелі отырысында жұмыссыздық мәселесі қаралды, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.
Тепсе темір үзетін жастарға жәрдемақы, әлеуметтік төлемақы бергенше олардың білімін ұштап, аяққа тұрып кетуіне мүмкіндіктер ашуымыз қажет. Қызылорда облысында өткен жастар кеңесі көшпелі отырысында көтерілген басты мәселе осы болды.
Аймақ жұртының 25 процентін құрайтын 200 мыңға жуық кейінгі толқын өкілдерін оң арнаға бұрып, ел дамуына жұмылдыру мақсатында жұмыс істейтін өңірде 45 қоғамдық ұйым бар. Жиында сол бірлестіктердің белсенділігін арттыру жайы қатаң тапсырылды. Болмашы флэшмобтар мен мағынасыз думанды шерулерді өткізуді доғару керектігі айтылды.
Кіші буын қызылордалықтардың жартысы ауылда тұрады. Сондықтан елдімекендерде жалынды жастардың басын біріктіру шаралары жүйелі жүргізілуі тиіс. Өңір бойынша оқуда немесе жұмыста жоқ жас азаматтар саны 10 мыңға жуықтайды екен. Кеңес отырысында сол топтың назардан тысқары қалмай, қоғамдық өмірге белсене араласуын қамтамасыз ету жоспары бекітілді. Осы ретте шаруа қожалықтарына жұмысқа орналасуға 10 жолдама табыс етілді. Сондай-ақ арнайы есепте тұратын мінез-құлқы қиын жастар «Жақаев ізбасарлары» еңбек-тынығу лагеріне барады.

«Көктемде қазір осы жұмыс қызып жатқан уақыты. Қазір жер айдап, өртеп, қора істеп жатырмыз. Сосын күріш себеміз одан кейін дәрі себеміз. Сосын суға қоямыз. Ыбырай атамыз сияқты сол кісілердің артынан еріп, ізін басып келе жатқан жастармыз», - дейді жұмысқа орналасу жолдамасының иегері Батырхан Шертаев.