Нұр-Сұлтан-Токио бағытында ұшатын рейстерге қаржы бөлінді
Қазақстан үкіметі Нұр-Сұлтан мен Токио бағытындағы тікелей рейстерге 1,45 миллиард теңге қаражат бөлді, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kzTengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл бағыт екінші жартыжылдыққа жоспарланып жатыр, ұшу жиілігі аптасына екі рейс. Қаржыландыру бағыт экономикалық тұрғыда өзін ақтағанша жалғасады. 2019 жылдың 30 қаңтарында үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылдың соңына дейін АҚШ, Жапонияға тікелей бағытта ұшатын рейстерді қосуды тапсырған.
«Өткізілген талдаудың нәтижесі бойынша Жапонияға бағыт алатын рейс 2018 жылда аптасына 142 жолаушыны тасиды, оған қоса бағыттың ұзақтығы экономикалық тұрғыдан қолайсыз болып саналады. Әлемдік тәжірибеге сүйенсек мұндай бағыттағы рейстер алғашқы 2-3 жыл қаржылық тұрғыда өзін толықтай ақтамайды. Себебі ұшақ 20-40 пайыз жолаушылармен ұшса ол өзін ақтамайды, рейсте тек жолаушылардың 70-80 пайызынан кем болмауы экономикалық тұрғыда өзін ақтайды, сондықтан пайдасы тиімді болатын бағыттарға қосымша қаржыландыру жоспарланып жатыр, бұл тәжірибе шетелдерде де қолданылады», - деді Азаматтық авиация комитетінің өкілдері.