Қызылордада 17 жастағы қыз көпірден секірді
Қызылордада 17 жастағы қыз көпірден секірді, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігі 24.kz телеарнасына сілтеме жасап.

«Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері бұл жағдай бойынша жедел жұмыс жасады. Департамент бастығы полковник Бержанов оқиға болған аумаққа келді. Мұндай суицид жағдайы биылға бірінші жағдай болып тұр. Жасөспірім неліктен мұндай жағдайға барғанына ішкі істер органдары тергеу амалдарын жүргізуде», - дейді оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағының басшысы Бақыт Ембергенов.