5 сәуір:Атаулы күндер мен оқиғалар
1997 жылы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 31 мамырды «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу» күні ретінде бекіту туралы Жарлыққа қол қойды.
1999 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі академик Қаныш Сәтбаевтың 100 жылдық мерейтойына орай номиналы 20 теңгелік шақаны айналымға шығарды.
2006 жылы Алматыда «Халық қаһарманы», КСРО халық әртісі Роза Бағланованың шығармашылығына арналған «АҺ, Самара-қалашық» атты деректі фильм түсірілді. Фильмнің таныстырылымы басты кейіпкердің қатысуымен 7 сәуір күні «Цезарь» кинотеатрында өтті. Р.Бағланованың қазақ өнерін дамытуға қосқан үлесі және оның әні мен үні ел халқының құлағында, көз алдында. Әсіресе, аға ұрпақ оның майдан даласында, оқ пен оттың ортасында тұрып ән салғанын әрдайым еске алады. Демек, бұл Р.Бағланованың шығармашылығына деген құрметтен туған фильм. Картинада әншінің өміріне қатысты мұрағаттық материалдар мен тарихи бейнетаспалар пайдаланылған. Сондай-ақ мұнда оның өнердегі серіктестері Ермек Серкебаев, Бибігүл Төлегенова, Майя Плисецкаяның лебіздері таспаға басылған.
2007 жылы Ресейде «Біздің мыңжылдықтағы адамдар» («Люди нашего тысячелетия») атты энциклопедия жарық көрді, оның бір беті «Қазақстан Алюминий» АҚ президенті Алмас Ибрагимовке арналған. Кітапта танымал мемлекет және қоғам қайраткерлерінің, мәдениет және өнер қызметкерлерінің өмірбаяндары жарияланған. Алмас Ибрагимов «үшінші мыңжылдық адамдары» тізіміне Қазақстанның ең үздік кәсіпорнының басқарушысы ретінде кірді.
2010 жылы ҚР Президенттік мәдени орталығының директоры Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа заманауи Қазақстан тарихының алғашқы 14 томын табыс етті.
2011 жылы Астанада ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында «Назарбаев - ядролық қаруға қарсы әлемнің лидері» кітабының таныстырылымы өтті. Оны белгілі ресейлік саясаттанушы Юрий Солозобов жазған.
2013 жылы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қытайдың China Daily белгілі басылымына сұхбат берді.
2016 жылы Алматыдағы 2017 жылғы қысқы Универсиада халықаралық студенттер ойынына қатысуға тіркелген елдер саны бойынша рекорд орнатты.
2017 жылы Алматыда өтетін 28-ші Бүкіләлемдік қысқы универсиадаға 64 мемлекет қатысуға өтініш білдірген.