Әлеуметтік жағдай жасау – негізгі міндет
«Nur Otan» партиясы «Теміржол» филиалы төрағасының бірінші орынбасары Базара Танбаева Елбасының съезде берген тапсырмаларының орындалу барысын бақылау, қадағалау мақсатында локомотив депосының машинистерімен кездесті, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz.
Жалпы атап өту керек бүгінде аталған мекемде әр түрлі жағдайда өндірістік жарақат алып, мүгедектікке шалдыққан 7 азамат жұмыс істейді. Партия өкілі бірінші кезекте осы азаматтардың әлеуметтік қорғалуларын, оларға кедергісіз орта үшін қандай қажетті жағдайлар жасалып жатқанымен танысты.
Одан әрі депода жұмыс жасайтындардың 73 пайыздан астамы машинистер болғасын, осы маман иелерінің ішінен көп балалы отбасыларды қолдау жайы, сонымен қатар мұқтаж отбасылар мен қауіп қатерге тап болған жандарға депо басшылықтары, кәсіподақ тарапынан әлеуметтік көмектердің берілу жайын да назардан тыс қалдырмады. Кезекті сапардан келген машинистермен кездесіп, партияның «Бақуатты қоғам: Онжылдықтың 10 мақсаты» атты 2030 жылға дейінгі жаңа бағдарлама мақсатын, әлеуметтік саланы одан әрі жақсарту туралы тапсырмасын түсіндіріп алдағы жұмыс бағытын пысықтады.
Өз сөзінде «Nur Otan» партиясы «Теміржол» филиалы төрағасының бірінші орынбасары Базара Танбаева халық пен билікті байланыстырушы ретінде қалыптасқанын «Nur Otan» партиясының басты міндеті халықтың мәселесін тиімді шешуге ықпал ету екенін тілге тиек етті. Елдегі саяси өзгерістер мен партияның жаңа бағдарламасын жүзеге асыру барысы туралы да ойлармен бөлісті.
Кездесу барысында мүмкіндігі шектелуі бола тұра, әріптестерімен бірге сапалы қызмет жасап жүрген II-топ мүгедегі Болат Қалмаханов сөз алып, әлемуттік қолдау бағытында мекеме басшылығы тарапынан жаслаып отырған жұмыстарды атап өтті.

«Мен осы локомотив депосында 42 жылдан астам жұмыс жасаймын. 1981 жылы жұмыс барысында өндірістік жарақат алып, мүгедек болып қалдым. Қиындыққа тап болған кезімде мені мекеме басшылығы қолдап, кәсіби тұрғыдан өсуіме жағдай жасап отыр.Қазір локомотив бригадаларының резерв бастығығы қызметін атқарамын»,-дейді Болат Қалмаханов.
Сондай-ақ, Болат Партия Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көп балалы отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету бағытындағы тапсырмасын қуанышпен қабылдағанын да айтып, зор үміт күтетінін жасырмады.«Өзім де ата анасыз жетім өсіп едім. Отбасында өз балаларыммен бірге тағдырдың жазумен жетім қалған, бір отбасының 6 баласын қосып тәрбиелеп отырмын. Балалардың тәрбиелері де, сабақ үлгірімдері жақсы. Олар жетім балалар санаты бойынша үй кезегінде тұр, енді тезірек үй берілсе деймін. Бұл тапсырмалардың біздің өңірімізде жүйелі жүзеге асырылатынына сенімім мол»,- дейді II-топ мүгедегі Болат Қалмаханов.
Кездесу соңында теміржолшылар өздерін толғандырған мәселелер төңірегінде сауалдар қойып, тұщымды жауаптар алды.