Аудандық бөлімге жаңа басшы тағайындалды
Мұрат Әбсұлтанов Қазалы аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz.
Мұрат Байғабылұлы 1986 жылы Қазалы ауданында дүниеге келген.Білімі жоғары. 2008 жылы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын «Көліктік техника және технологиясы», 2014 жылы Ақмешіт гуманитарлық-техникалық институтын «экономика және бизнес» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2009 жылы Қазалы көлік-техникалық колледжінің арнаулы пән оқытушысы болып бастаған.
2013 жылдан бастап Қазалы аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы, бөлім басшысының орынбасары қызметін атқарып келді.