Улан-Батор қаласында сауда-экономикалық миссия өтеді
Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы ҚР Сыртқы сауда палатасының ұйымдастыруымен Моңғолия Республикасы, Улан-батор қаласында ағымдағы жылдың 3-5 маусым күндері сауда-экономикалық миссия өтетінін мәлімдеді, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz.
Шараның негізгі мақсаты – қазақстандық кәсіпорындар мен әлеуетті сатып алушылар арасындағы сауда қатынастарын жандандыру, тікелей байланыс орнату, сондай-ақ екі жақты кездесулер өткізу.Ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, ҚР Сыртқы сауда палатасы – жабдықталған мәжіліс залды жалға алу; түскі ас, кофе-брейк ұйымдастыру; Қазақстандық қатысушылардың жатын орнын (әр кәсіпорыннан 1 адамға және сауда-экономикалық миссиясы өтетін күндері ғана); Қазақстандық қатысушыларды тасымалдау – шығындарын өтейтін болады. Ал қалған барып-келу, тәуліктік шығыстарды қатысушы өздері өтейді.
«Моңғолия Республикасы, Улан-батор қаласында өтетін сауда-экономикалық миссияға қатысуға кәсіпорындарды шақырамыз», – делінген басқарма таратқан ақпаратта.