Қала әкімінің кеңесшісі тағайындалды
Бүгін Қызылорда қаласы әкімінің кеңесшісі болып Имамадин Оңғарбаев тағайындалды, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Имамадин Зәкірұлы
1953 жылы 21 ақпанда Қызылорда облысы, Арал ауданының Ақбасты ауылында дүниеге келген.
1975 - 1992 жылдары учаске шебері, аға инжинер, топ жетекшісі, бас конструктор, жобаның бас инженері, шеберхана бастығы қызметтерін атқарған.
1992 - 2003 жылдар аралығында мұнай саласында еңбек етті.
2003 - 2004 жылдары - "Казнефтегазконсалтинг" серіктестігінің директоры.
2004 - 2008 жылдары - Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, облыс әкімінің орынбасары, қала әкімі, облыс әкімінің кеңесшісі болды.
2008 - 2012 жылдары "Казнефтегазконсалтинг" серіктестігінің басқарушысы, "Қазатомпром" акционерлік қоғамы күкірт қышқылы зауытында бас директордың бірінші орынбасары.
2012 жылдың сәуір айынан бүгінге дейін "Қазсушар" республикалық мемлекеттік кәсіпорыны "Арал СЖКБД" филиалының директоры болып қызмет атқарып келді.