Әріптестері жаңа қызметке шығарып салды
Бүгін облыс әкімінің орынбасарлары Серік Сүлейменов пен Серік Қожаниязовты және облыстық цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Индира Ақжігітованы әріптестері жаңа қызметке шығарып салды, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz.
Облыс әкімі Қ.Көшербаев әріптестерінің жаңа жұмыстарына табыс тілеп, аймақтың дамуына қосқан үлестері үшін алғысын білдірді.
Айта кетейік, Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Серік Қожаниязов ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы, ал облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлейменов ҚР Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы болып тағайындалды.
Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан ерекше үлесі үшін С.Қожаниязов, С.Сүлейменов және И.Ақжігітова Қызылорда облысының Құрмет грамоталарымен марапатталды.