"Қорқынышты": Қоянбаев Африкада қаруланған сарбаздармен жүруге мәжбүр болғанын айтты
Нұрлан Қоянбаев "Бизнес по-казахски" картинасының үш бірдей бөлімін түсіріп, кино нарықтағы табысты продюсердің біріне айналды. Фильмнің соңғы бөлімін Африкада түсірген ол сол жерде кино түсірген алғашқы қазақ атанып та үлгерді. Алайда мұндай атаққа жету оңай соқпаған көрінеді."Хабар" арнасының "Қарақатпен шай" бағдарламасында Қоянбаев Африкада кездескен қиыншылықтар жайлы баяндады, деп жазады Stan.kz.
"Кения мемлекетіндегі шай плантациясы өте әдемі екен. Бірақ шай алып келген жоқпыз. Кино түсіруге барғандықтан, алып барған ұжымды аман-есен елге алып келсем екен деген ой болды.
Кенияға үлкен ұжыммен бардық. Бізде ер балалармен қатар, қыздар да бар. Солар үшін уайымдадық. Жолдастарына, отбасына аман-есен жеткізу деген мақсат болды", - дейді Қоянбаев.
Кенияға үлкен ұжыммен бардық. Бізде ер балалармен қатар, қыздар да бар. Солар үшін уайымдадық. Жолдастарына, отбасына аман-есен жеткізу деген мақсат болды", - дейді Қоянбаев.
Нұрланның сөзіне қарағанда, Африка расымен де қорқынышты ел деген атқа лайық. Әйткенмен, продюсер халықтың қонақжайлығы туралы да ұмытпады.
"Кішкентай кезімізден Африка деген жабайы, ол жерден қорқу керек деп білеміз. Шынымен қорқынышты, мойындау керек. Бірақ өте керемет, әдемі жер. Халқы да өте қонақжай. Кәсіби жағынан да жақсы қарсы алды. Кино түсіруге мүмкіндігінше жағдай жасап берді.
Менталитетіміз әртүрлі. Басқа ұлт, басқа құрлықтың адамдары. Басында үйрене алмадық, қорқыныш болды", - дейді Нұрлан.
Менталитетіміз әртүрлі. Басқа ұлт, басқа құрлықтың адамдары. Басында үйрене алмадық, қорқыныш болды", - дейді Нұрлан.
Кинопродюсер ретінде Нұрлан бірінші кезекте қарамағындағы актерлердің қауіпсіздігін ойлаған. Бұған дейін шетелге шыққанда барынша бюджетті үнемдеуге тырысқан ол Африкаға келгенде ақшасын аямаған көрінеді. Себебі:
"Міндетті түрде қымбат қонақ үй алдық. Жалпы шет елге шыққан кезде үнемдеуге тырысамыз. Бірақ Африкада қауіпсіздікке көп ақша жұмсадық. Ұжымды қымбат қонақ үйге жатқыздық. Найроби қаласында қауіпсіздік қызметіне жүгініп, екі қорғаушы алдық. Калашников автоматымен", - дейді ол.