"Ұлылардан ұлағат" атты оқушылар арасында қалалық байқау өтті
Елбасымыздың «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламасының негізінде А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде «Ұлылардан ұлағат» атты мектеп оқушылары арасында қалалық байқау өттті, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz.
«Ұлы дала тұлғасы» турында қатысушы топтар өз қалауы бойынша ұлтымыздың атақты тарихи тұлғалары мен олардың жетістіктерінен сахналық көрініс көрсетіп, екінші туры бойынша батырлар жырынан үзінді оқыды.Сондай-ақ, Әл-Фараби, Қожа Ахмет Иассауи, Бейбарыс, Күлтегін секілді ұлыларымыз, хандарымыз бен билеріміз жайлы көрермендерге сұрақтар беріліп, ұтымды да нақты жауап берген жандарға естелік сыйлықтар берілді.
Сайыс қорытындысында бірінші орынды №235 мектеп оқушылары жеңіп алды. №112 мектеп екінші орынды иеленсе, №187 мектеп жүлделі үшінші орынға ие болды. Ал, №257 мектеп пен №11 мектеп лицей дипломант атанды.
Айта кетейік, байқауға қатысқан барша балаларға "Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз" АО атынан сыйлықтар табысталды.