ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖАСТАР ЖҰМЫССЫЗДЫҒЫМЕН БАЙЛАНЫСТЫ МӘСЕЛЕ ШОБ АРҚЫЛЫ ШЕШІЛМЕК
Қызылордалық жастар алдағы екі жылда бизнесті «Жастар кәсіпкерлігін дамыту жол картасы» бағдарламасының көмегімен ілгерілетеді, деп хабарлайды BNews.kz.
«Жол картасы аясында жас кәсіпкерлердің проблемасына мониторинг жүргізіліп, консультация мен жас бизнесмендерді құқықтық қолдау ұйымдастырылады», - деді облыстық жастар саясаты істері басқармасының басшысы Еркебұлан Меңлібаев.
Көптеген тармақтардан тұратын карта бірден бірнеше мәселенің шешілуіне септігін тигізеді деген болжам бар.
«Алдыңғы кезекте тұрған міндеттер қатарына ШОБ-ты қолдау, жастар арасындағы жұмыссыздықпен күрес, бизнесті дамыту, бейінді оқыту жатады», - деп түгендеп шықты Меңлібаев.
Жаңа жол картасы бойынша қолға алынатын жұмыстың маңызды бөлігі ауылды аймақтарда іске асырылмақ. Өйткені облыс орталығына қарағанда ауылдарда жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі үнемі бір пайызға жоғары болады, сонымен бірге жеке кәсібін ашып, бизнеспен айналысуға ауыл жастарының мүмкіндігі аз.