Қала тұрғындары спорттық жарысқа белсенді қатысты
Қызылордада 2 сəуір – Дүниежүзілік аутизм туралы ақпарат тарату күніне орай жаппай жүгіруден жарыс өткізілді, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жарыс барысында қатысушылар 5,5 шақырым қашықтыққа жүгірді. Оған 800-ге жуық қала тұрғыны қатыстырылды.
Жарысқа қатысқан азаматтар жас ерекшелегіне байланысты төрт санатқа бөлінді. Әрбір санат бойынша жеңімпаз бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Нəтижесі:
16-45 жас ерлер:
1. Расул Төребек - пед.колледж
2. Қонысбек Қонақбаев - қала тұрғыны
3. Сұлтан Садвакасов - Ж.Баһадүр ат.мектеп-интернат-колледж
16-45 жас əйелдер:
1. Оксана Бикчурина - 4ОРМБЖМ
2. Даяна Федосова - мүгедектер спорт клубы
3. Ақбота Болат - бокс орт.
45 жастан жоғары ерлер:
1. Марат Қарамергенов - 7 мектеп-лицей
2. Алтынбек Оспанов - "Интергаз" АҚ
3. Ерлан Тоқтарбаев - 7 мектеп-лицей
45 жастан жоғары əйелдер:
1. Гүлнəр Іздібаева - Ж.Баһадүр ат.мектеп-интернат-колледж
2. Нағима Əбиева – ОНМЦ
3. Ақманат Молжігітова - 211 орта мектеп
"Белсенді қатысқаны үшін" – 1 оңалту орталығы, "Қызылорда" еріктілер тобы, 267 орта мектебі марапатталды.