Сырдарияда асар әдісімен жаяу жүргіншілер жолы салынды
Сырдария ауданының орталығы Тереңөзек кентінің негізгі көшесіндегі сауда нысандарының алдына асар әдісімен жаяу жүргіншілер жолы салынды, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz.
Аудан әкімдігінің бастамасымен қолға алынған аталған жұмысқа аудан көлеміндегі меншік түріне қарамастан барлық мекеме қызметкерлері мен қарапайым тұрғындар өз үлестерін қосты.Жоспарланған жұмыстар екі күннің ішінде аяқталған. Сауда нысандарының алдына салынған жатқан жаяу жүргіншілер жолы жаңбырлы күндері тұрғындардың әбігерге түспеуіне әсер ететін. Сонымен қатар, алдағы уақытта арнайы темір қоршаулар орнатылып, гүлдер егіледі деп күтілуде.
Биылғы жылы асар әдісімен жүргізілетін жұмыс мұнымен аяқталмайды. Жыл ағымында Майжарма каналына тағы да бір көпір салынады деп күтілуде. Яғни, бекем бірлік пен тындырымды тірлікті ұштастырған сырдариялықтар өзгелерге үлгі көрсете бермек.