Құқық бұзушылыққа байланысты жастармен кездесу өтті
«Бақылау» атты облыстық жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Қазалы көлік-техникалық жоғарғы колледжінің студенттерімен түсіндірме-профилактикалық кездесу өтті. Оған жергілікті прокуратура, білім бөлімі, жастар ресурстық орталығы, ювеналды полиция тобы және психолог мамандары қатысты.
Кездесу барысында кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтардың салдары мен жауаптылығы түсіндірілді. Сонымен қатар, алдағы уақыттағы кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мен жолын кесу бағытындағы жұмыстар нақтыланды.