Баландиннің көлігінің айнасын ұрлаған күдікті: «Ақша керек болды»
Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландиннің көлігінің айнасы ұрланған күдікті ұсталды. Ол неліктен ұрлық жасағанын айтты, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Желіде ер адамның тергеліп жатқан сәтінің видеосы пайда болды. Күртемен басын жауып тұрған ер адам ұрлық жасағанын мойындайды.
Полицейлердің сұрағына жауап берген ол бұрын сотты болғанын айтты.
«Ақша керек болды. Осындай әрекетке бардым. Қылмыс жасағанымды мойындаймын», - дейді ол.
Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, ер адам бұған дейін 3 рет сотталған. 1986 жылғы күдікті бір жерде екі ұрлық жасағанын мойындаған. Заттай айғақтар автоұрының тұрғылықты жерінен табылды.
Айта кетейік, Алматыда жүзуден Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландиннің көлігінің айнасы ұрланған. Ұрлық өткен жылдың жазында мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенге шабуыл жасалған жерде болған.