Жең ұшынан жалғасуға жол жоқ
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының сақталуын іске асыру бойынша 2018 жылы департамент қызметкерлерімен бірқатар жұмыстар атқарылды.
Қолданыстағы заң бұзушылықтарды, сыбайлас жемқорлыққа әрекет туғызатын жағдайларды болдырмау мақсатында заң нормаларына түсіндірме жүргізіліп, Заңның қолданылу тиімділігін арттыру мен жетілдіру мақсатында департамент қызметкерлерімен жемқорлықпен күрес бағытында құқықтық оқытулар жүргізіліп отырады. 2018 жылы қызметкерлер үшін 6 құқықтық оқыту мен жемқорлықтың алдын алу жөнінде арнайы жиналыстар өткізілді.
Департаментте «Е-лицензия» мемлекеттік деректер қоры» жүйесі арқылы лицензиялар мен олардың қосымшаларын алуға өтініштер Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы қабылданып, лицензиялар мен олардың қосымшалары тек электронды түрде беріледі.
«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңының іске асырылуы бойынша келіп түскен хаттар уақытылы тіркеліп, арыз иелеріне уақтылы жауап берілуі үнемі қатаң бақылауда тұрады.2018 жылы түскен 214 өтініштің барлығының уақытылы орындалуы қамтамасыз етілген.
Арыз-шағымданушыларға онан әрі қолайлы жағдай жасау үшін департамент кеңсесінің кіре берісінде жалпыға бірдей қолжетімді жерде «Азаматтардың арыз-шағымдарын қабылдау» жәшігі орнатылған және жәшік арқылы келіп түскен арыз-шағымдар арнайы журналдарда тіркеліп, жауап беру мерзімінің сақталуы ұдайы бақыланады. Онан басқа, арыз-шағымдар және ұсыныстармен ой-пікірлер үшін Комитетте веб-порталы жұмысы ұйымдастырылған, сол секілді, сыбайлас жемқорлықты төмендету, онымен күрестің жариялылығын қамтамасыз ету мақсатында тұрғындарды қабылдау кестелері бекітіліп, әлеуметтік желелерде арнайы парақшалар ашылған. Онда халықтың өз арыз-шағымдарын, ұсыныстарын білдіруге, көкейдегі сұрақтарын орналастыруға мүмкіндігі бар.
Оған қоса, департаменттің 26-22-93 нөмірлі телефоны – сенім телефоны болып белгіленген.
Департамент басшысы және оның орынбасарларымен жеке қабылдау күндерінің уақытында тұрғындар мен заңды тұлғаларды қабылдау өз дәрежесінде атқарылып келеді. Департамент басшысы ГүлмираӨтегенованың жеке қабылдау күні әр аптаның жұма күні сағ. 16-00-ден - 18-00-ге дейін, басшысының орынбасары ЕрсінОрынбаевтыңжеке қабылдау күні әр аптаның сәрсенбі күні сағ.16-00-ден - 18-00-ге дейін.
2018 жылы Департамент қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында тарифтерді бекітуге өтінімдер мен қоғамдық маңызы бар нарық субъектілерінің хабарламаларын қарау кезінде 6 жария тыңдау, 2 брифинг, 7 қоғамдық қабылдау,6 баспасөз-турыжәне64 семинар, дөңгелек үстөлдер мен жиналыстар өткізілді.
Департамент қызметінің негізгі бағыттары бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жарияланып тұрады. 2018 жылы сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мақсатында 18 мақала жарияланды.
Қорыта айтқанда, Департаментпен бүгінгі күні атқарылып жатқан жемқорлық әрекеттерін болдырмау мақсатындағы нақты істер мен насихаттау жұмыстары және де жоғарыда аталған іс-шаралардың бұлжытпай орындалуы, мемлекеттік қызметтің беделін арттырып, тұрғындардың сенімінің толықтай ақталуын қамтамасыз ету үшін жасалып жатқан істер болса, ол жұмыстардың алдағы уақытта да атқарылу қарқыны пәрменді болмақ.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетімен жемқорлықтың алдын алу бойынша 2019 жылға жасалып, бекітілген іс-шараға сәйкес алдағы уақытта жұмыстар жалғастырылады.
Бiз барша қоғам болып күрескенде ғана сыбайлас жемқорлық жойылады. Пара алмауды үйретудiң басты тәсiлi – параны ешкiмге бермеу екенін әр адам басты принципіне айналдыру керек.
ҚР Ұлттық экономика министрлігі
Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың
құқықтарын қорғау комитетінің
Қызылорда облысы бойынша департаменті