«Болон процесі» не береді?
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетіне Германиядан аға сарапшы, профессор, психотерапия докторы Вольф Блёмерс (Wolf Bloemers) іс-сапармен келді, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz.
Іс-сапардың мақсаты – «Болон процесін» жүзеге асыру принципіне қатысты мәселелер жөнінде кеңес беру. Шетел сарапшысы алдымен қағидаттарды жүзеге асыру туралы толық ақпаратты факультеттер мен кафедраларда зерттеу туралы ниетін білдірді.Айта кетейік, «Болон процесі» университет пен SES неміс сараптамалық ұйымы арасындағы келісім-шарт бойынша жүзеге аспақ. Вольф Блёмерс мектептер мен университеттердегі көп қырлы және ауқымды қызметі кезінде мол тәжірибе жинағанын атап өту керек. Ол ұзақ уақыт бойы еуропалық 11 университет арасында Болон процесінің үйлестірушісі болып жұмыс істеді, сондай-ақ оқу бағдарламалары мен еуропалық бакалавриат және магистратура бағдарламаларына арналған жоспарларын әзірлеуде жұмыс атқарды.
Неміс профессоры университеттің оқытушы-профессорлары мен қызметкерлеріне тегін кеңестер берді. Актуалды болып келетін тақырыптар қатарында Болон процесінің негізгі принциптері, интернационализация және ұтқырлық, студенттік бағытталған оқыту, Болон процесінің ережелері бойынша оқу жоспарларын әзірлеу, түлектерді жұмыспен қамтуды арттыру және тағы басқа ауқымды мәселелер қамтылды.