Еркектер мен әйелдер жайында әзілдер
Бір еркекпен бақытты болам десеңіз, қатты жақсы көруге тырыспай-ақ қойыңыз, түсінсеңіз болғаны. Бір әйелмен бақытты болғыңыз келсе, жақсы көріп, көңіл бөлуге тырысыңыз, түсінуге тырыспай-ақ қойыңыз.
***
Әйелдер негізінен үндемейтін, томаға тұйық еркектерді жақсы көреді. Неге? Өйткені, олардың тым- тырыс отырғанын «мені тыңдап отыр» деп ұғады…
***
Психолог тұжырымдамасы: «Көптеген еркектер «үй жинаған әйелге көмектесу – әйелдер еден жуып жатқанда екі аяқты көтеріп отыру» деп ойлайды».
***
Егер еркек «киетінім болмай тұр» десе, онда оның таза киімдерінің таусылғаны. Егер әйел «киетінім болмай тұр» десе, онда оның жаңа киімдерінің болмағаны.
***
Әйелі күйеуіне: «Мен ұрыса бастағанда, сен неге сағатқа қарай бересің?» – деп сұраса, күйеуі: «Қымбаттым, «кім бірінші тоқтайды екен: сен бе, әлде сағат па» деп қараймын», – деп әзілдей жауап беріпті.
***
Әйелі күйеуіне: «Неше жыл өтсе де әмияныңда менің суретім тұр. Оның себебі неде?» – десе, күйеуі: «Қандай да бір қиындыққа кез болғанымда сенің суретіңе бір қарап аламын. Проблема жоғалғандай болады», – дейді.
Әйелі: «Сонда мен саған күш беріп тұратын болғаным ғой?» – десе, күйеуі: «Әрине, суретіңе қарап «бұдан асқан проблема бар ма» – деп, өзімді жұбатамын деп әзілдеген екен.
***
Әйел затына не берсең де, саған асырып қайтарады. Егер сен оған отбасылық өмір сыйласаң, ол саған нәресте сыйлайды. Баспана салып берсең, ол баспанаға жылу дарытады. Азық-түлік әкелсең, дәмді тағамдар әзірлеп береді. Күлкі сыйласаң, саған махаббатын тар-ту етеді!