Байқоңыр қаласында Билер кеңесі құрылды
Байқоңыр қалалық сотының төрағасы Телжан Жүсіпов пен уәкілетті органдардың өкілдері Байқоңыр қаласының, Төретам және ақай кенттерінің тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кедесуге мемлекеттік мекеме басшылары, ішкі істер органдары өкілдері, адвокаттар, нотаруистар, медиаторлар, мемлекеттік және жеке сот орындаушылар қатысты.Сот төрағасы Т.Жүсіпов «Билер кеңесін құруға «Татуласу: сотқа дейін, сотта» жобасы да бастамашылық еткенін, оның мақсаты сотқа дейін даулар мен жанжалдарды реттеу болып табылатынын атап өтті.
Байқоңыр қалалық Ресей Федерациясының әкімінің бірінші орынбасары Николай Адасев қазақ халқының қонақ жайлығын және Қазақ хандығының туысаралық қарым-қатынасты, басқа халықтарымен қарым-қатынасты шешуде билер кеңесінің алар орны ерекше екенін айтып, билер сотының мүшелеріне жеңілдіктер қарастырылғанын жеткізді.
Кеңестің негізгі міндеті – медиация институтын шоғырландыру, билер институтын қайта жаңғырту және азаматтық, қоғамдық келісім және жалпыұлттық бірлік қағидаттарында қазақстандық бірегейлікті дамыту, сот жүйесінің мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу үшін бірыңғай тәсілдерді әзірлеу, «Рухани жаңғыру-мәңгілік ел» жалпыұлттық патриоттық идеясын іске асыру, қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу.
Кездесудің қатысушылары соттың Билер кеңесін құру туралы бастамасын қолдап, оның құрамына аса құрметті жерлестерді, отбасылық психология, білім беру, медицина саласындағы өкілдерді, сот жүйесінің ардагерлерін, сондай-ақ облыстың құрметті азаматтарын енгізуді ұсынды. Олар Кеңестің қызметін реттейтін Ережені қабылдауға қатысты пікірлерін айтып, жұмыс жоспарын құрды.
Билер кеңесінің құрамына ұсынылған кандидатуралардың ішінен ауданның беделді ақсақалдары мен демалысқа шыққан судья сайланды, іс-шараға қатысушылар оларды қолдады.
Билер кеңесіне қазақ билері қызметінің негіз қалаушы қағидаларын жан-жақты шешімдермен дауласатын шақтарды бітістіру бөлігінде жаңғырту жөніндегі маңызды миссия жүктеледі.
Шара соңында қалалық сот төрағасы Телжан Жүсіпов Билер кеңесінің мүшелеріне қызметтік куәлік пен «Билер» туралы кітап табыстап, жұмыстарына сәттілік тіледі.