Украинадағы президенттік сайлау: Зеленский, әлде Порошенко...
Украинадағы сайлау жайында.
Бүгін түнде мәлім болған ұлттық экзит-полдың қорытындысы бойынша, Владимир Зеленскийге сайлаушылардың 30,6 пайызы дауыс берген, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.
Бүгін түнде мәлім болған ұлттық экзит-полдың қорытындысы бойынша, Владимир Зеленскийге сайлаушылардың 30,6 пайызы дауыс берген, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.
Екінші орында 17,8 пайызбен Украинаның қазіргі президенті Петр Порошенко тұрақтаса, электораттың 14,2 пайызы Юлия Тимошенкоға сенім артқан. Алайда Тимошенко ұлттық экзит-полдың ақпаратына сенбейтінін айтып мәлімдеме жасады.
Сонымен, кеше ғана үлкен саясатқа мүлдем қатысы жоқ, актер Владимир Зеленский ұлттық экзит-полдың қорытындысы бойынша көш бастап тұр. Оған электораттың шамамен отыз пайызға жуығы сенім артқаны анықталды. Біз қоғам қайраткеріне: «Президенттікке сайланып жатсаңыз, ең алдымен қолға алатын үш реформа қандай болады?» деп сауал қойдық, Зеленскийдің жауабын бірге тыңдап көрейік.
Владимир Зеленский, Украина президенттігіне үміткер
- Ең алдымен депутаттар мен мемлекет басшысының және соттың дербес құқықтылығына қатысты заң жобасын қайта қарастыратын едім. 28 жыл бойы біз импичмент туралы айтып келеміз. Алайда іске асырған жоқпыз. Елдегі инвестициалық климатты жақсартып, жемқорлықпен жүйелі түрде күресуді жоспарлаймын.
Президенттікке үміткер Владимир Зеленскийдің сайлау кезіндегі сенімді тұлғасы Вадим Галайчук xалықтың белсенділігі мен Украинаның орталық, шығыс, батыс, оңтүстік бөлігіндегі тұрғындардың бірдей қолдағаны қуантты дегенді айтады. Вадимнің айтуынша, Зеленскийге қарсы жасалған акция мен қара пиар да оған, керісінше, тамаша мүмкіндікті сыйлап отыр.
Вадим Галайчук, Владимир Зеленскийдің сайлау кезіндегі сенімді тұлғасы:
- Компаниясын енді бастап жатқанда, Владимир: «1 сәуір күлкі күнінде клоун президентті сайлауға таптырмас күн» деп әдемі қалжыңдаған еді. Енді қызықты қараңыз, оның айтқаны келіп тұр. Кезінде оған күйе жаққан қарсыластардың сөзіне xалық шамданып, Зеленский үшін пайдалы пайыз жинауға жақсы әсерін тигізді.
Ұлттық экзит-полдың қорытындысына сәйкес, Владимир Зеленскийден кейін, екінші орында Украинаның қазіргі президенті Петр Порошенко тұр, оған сайлауға келген xалықтың 17,8 пайызы дауыс берген. Үшінші орынға осымен үшінші рет президенттік сайлаудың бәйгесіне ат қосқан Юлия Тимошенко тұрақтады. Оған электораттың 14,2 пайызы сенім артады. Алайда Тимошенко ұлттық экзит-полдың ақпаратына сенбейтінін айтып мәлімдеме жасады. Саясаткердің айтуынша, «Батькивщина» партиясының жеке есебі бойынша Тимошенкоға сайлаушылардың 14 емес, 20,9 пайызы дауыс берген және Юлия xаным екінші позияциға көтерілу үшін әлі күресетін кейіп танытты. Қалай болғанда да толыққанды жеңіс үшін Украина президенттігіне үміткер адам кем дегенде 50 пайыз дауыс жинауы тиіс. Сондықтан президенттік сайлаудың екінші кезеңі 3 аптадан кейін, яғни 21 сәуірге ұйымдастырылуы мүмкін.