Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында жиын өтті
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Қызылорда облысы бойынша департаментінің Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасымен бірлескен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және орын алған заң бұзушылықтар жасауға ықпал еткен мән-жайларды талқылау жөнінде арнайы отырысы өткізілді.
Аталған жиынға Қызылорда облысы әкімінің экономикалық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі кеңесшісі М.Нәлібаев, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Б.Жандарбеков, Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының орынбасары Б. Байхожаев қатысты.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Б. Жандарбеков пен облыстық ішкі саясат басқармасының орынбасары Б.Жанәділовтер хабарлама жасап, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және орын алған сыбайлас жемқорлықтың құқық бұзушылықтар жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою туралы шаралары бойынша атқарылған жұмыстардың барысын баяндап өтті.
Сондай-ақ, жиын соңында Қызылорда облысы әкімінің экономикалық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі кеңесшісі М. Нәлібаев қатысушыларға сыбайлас жемқорлық фактілеріне жол бермеу және оның алдын алу, сондай-ақ бұл бағыттағы жұмыстарды күшейту мен тиісті шараларды қабылдау қажеттігін тапсырды.