Әкімдерге трансформациялық көшбасшылық туралы лекция оқылды
Қызылорда облысының әкімдеріне трансформациялық көшбасшылық жөнінде лекция оқылды, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz.

Қызылорда қаласы мен аудан әкімдерінің қатысуымен өткен семинар трансформациялық ойлау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.
Департамент басшысы Абзал Мұхимов «Инновациялық мемлекеттік қызметті құрудағы трансформациялық көшбасшылық» мотивациялық дәрісінде ойлауды, ұйымдастырушылық қызметті, халықпен өзара іс-қимылды өзгерту қажеттілігі туралы сөз қозғап, қазіргі заманғы қауіп-қатерлер жағдайында заманауи басшы «Өзгерістер агенті» болуы тиіс екендігін атап өтті.
Бұдан әрі семинар цифрландыру, жеке брендинг пен тиімді бюджеттік жоспарлау және мемлекеттік сатып алуларды басқаруға бағытталатын дәрістерді қамтитын болады.
Оқыту нәтижесімен әкімдер өңірлердің әлеуметтік-экономикалық жағдайының дамуына бағытталған жеке жобалық жұмыстарын аймақ басшылығы алдында қорғайды.