«Ақмая» ШҚ базасында ғылыми-өндірістік жоба іске асырылып жатыр
Қызылорда облысының ауылшаруашылық басқармасының жетекшілігімен Жазкен Жиембаев атындағы Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылымизерттеу институты (ҚазӨҚжКҒЗИ, Алматы қ.) Шиелідегі «Ақмая» ШҚ-ның базасында нақты егіншілікке арналған «Akmaya Smart Farm» ғылыми-өндірістік жобаны іске асыра бастады, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz.
Жоба ауылшаруашылығына жеделдетілген инновациялық технологияларды енгізуге, фермерлік шаруашылықтардың өндірістік тиімділігі мен тұрақтылығын арттыруға, ішкі нарықты сапалы азық-түлік өнімдерімен қанықтыруға және азық-түлік экспортын ұлғайтуға бағытталған.
Нақты егіншілік – бұл цифрлы технологиялардың жиынтығын (ГАЖ, үлкен деректер және ұшқышсыз зондтар) қолдануға негізделген, егістердің өнімділігін басқару жүйесі екендігін атап өту қажет. Осы күнге дейін ауылшаруашылығының тарихында жүргізіліп келгендей, «жай көзбен қарап» топырақты жырту, себу және тыңайтқыштарды енгізудің орнына, бүгінгі күні цифрлық жүйелер фермерге әр танаптың тәлімдеріне нақты дәлдікпен метрге дейін қажетті тұқымның, тыңайтқыштардың мөлшерін, өсімдік қорғау құралдарын және басқа да ресурстарды, шығындарды қысқарта және танаптардың өнімділігін жоғарылата отырып есептеп бере алады.
Бұл жобаны іске асыру 2018 жылы басталып, 2019 жылы жалғастырылуда.
«Ақмая» фермасын цифрландыру жұмыстары өндірістің және тар орындардың» ерекшеліктерін ескере отырып жүзеге асырылады. Яғни, ең бірінші кезекте – экономикалық, экологиялық және әлеуметтік жоғары пайда әкелетін оңтайландыруға мұқтаж үрдістер цифрландырылады.
«Sequoia» мультиспектрлық камерасымен жабдықталған «Parrot Disco Pro Ag» ұшқышсыз ұшатын аппаратын (ҰҰА) қолдану арқылы «Ақмая» ШҚ-ның танаптарына (800 га) цифрландыру жұмыстары жүргізілуде. Бұл үшін деректерді өңдеу және ұшқышсыз ұшатын техниканың сарапшысы, институттың маманы – Стюарт Боулин (АҚШ) тартылды. Стюарт жеңіл және ұшқышсыз ұшатын авиацияның сертификатталған ұшқышы болып табылады, сонымен қатар, ҰҰА-ты басқаруда, автоұшқышты бағдарламалауда, алынған мәліметтерді талдауда мол тәжірибесі бар. Алынған деректер - нақты карталар, шаруашылықтың ресурстары, тарихы мен оқиғалары туралы барынша мүмкін ақпаратты қамтитын ферманың «Цифрлық көшірмесі» деп аталатын компьютерлік моделінің негізін құрайды.
Шаруашылықтың ресурстарына кешенді аудит жүргізілді. Қолда бар техникалар, қызметкерлер, танаптар мен олардың тарихы, өнімділігі, сорттары жайлы және т.б. мәліметтер жиналды. Сонымен қатар, бұл деректер «Ақылды ферманың» ішкі бірыңғай цифрлық тұғырнамасында (платформасында) жинақталған.
Ерте көктемде тәлімдерді егжейтегжей агрохимиялық тексеру жұмыстары атқарылып, оның ішінде 2 метр тереңдікте бұрғылау жүргізіліп, 800-ден астам топырақ үлгілері алынды. Бұл аймақта топырақтың тұздану деңгейі жоғары болғандықтан, бұл фактор ерекше зерттелуде.
«Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС бірлесіп, жер телімін зерттеу, оның қышқылдылығын, сонымен бірге, микроэлементтер мөлшерін анықтауға көмектесіп, мамандар арқылы негізгі жер телімінің жағдайын жақсарту бойынша нақты ұсыныстар береді.
Аталған институт директоры А.Агеенконың басқаруымен институт мамандары агрохимиялық көрсеткіштерге жер пайдаланушылардың телімдеріне зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатқанына бір апта болды.
Институттың минералдық қоректену және топырақ агроэкология бөлімінің көмекшісі М.Мұңайтпасов пен мамандары Е.Жүсіпбеков және Ж.Жанболатұлының айтуларынша топырақ құнарлылығының агрохимиялық жағдайын бақылау үшін Қазақстан Республикасындағы барлық жер пайдаланушыларының суармалы егістік алқаптары бес жылда бір рет, тәлімі жерлер жеті жылда бір рет агрохимиялық зерттеуден өтуі тиіс. Зерттеуге 5 күн уақыт кетеді. Ал, үлгілер саны алқап аумағына байланысты. Алқап GPS көмегімен аумағы он гектар дара телімдерге нүктелеп бөлінеді. Институттың кең көлемде талдамалы міндеттерді орындауға арналған заманауи агрохимиялық аккредиттелген зертханасы бар. Бөлім мамандары агрохимиялық талдауға топырақ үлгілерін азот, фосфор, қорда, калий, РН, күкірт мөлшері сынды өлшемдері бойынша алынады. Талдау нәтижесінің негізінде жер пайдаланушылар жерлерінің құнарлық жағдайы жөнінде ақпарат және өр алқап бойынша, минералды тыңайтқыштарды қолдану туралы ұсыныс айтылады. Бұл топырақтың құнарлылығын сақтап қана қоймай, өнімділікті арттырып, сапасын жақсартуға қолғабыс болмақ. Сондайақ, әр шаруашылық үшін агрохимиялық картограмма әзірленіп, барлық мәлімет жер пайдаланушылардың бірыңғай дерекқорына енгізіледі.
Ауылшаруашылығы техникасының GPS – мониторингін енгізу үшін техникалық шешім ұсынылады. «Ақмая» шаруашылығында кең спектрлі сенсорлармен қамтылған «John Deere» және «Claas» заманауи техникасы қолданылады. Көбінесе, фермер бұл құнды ақпаратты пайдаланбайды, цифрлық деңгейде өз техникасын басқаруға мүмкіндігі немесе білімі болмайды. Жоба барлық ықтимал деректер көздерімен тығыз интеграцияны болжайды, сондықтан, ауылшаруашылық техникасының бірегей мүмкіндіктері толығымен пайдаланылады, тракторлар мен комбайндар датчиктерінің ақпараттары біріктіріледі және «Ақмая» шаруашылығындағы «Ақылды фермасында» қолданылады.
Шаруашылық алқаптары экожүйенің ауа-райы мен климаттық сипаттамаларын бақылау қызметі құрылады. Автономдық метеостанциялар топырақ, ауа, су, күн туралы деректердің толық спектрін жазып, деректерді нақты уақыт режимінде жүйенің орталық серверіне жібереді. Метеодеректер ауа-райы жағдайларын ескере отырып, өндірістік процестерді түзету үшін, кризистік сәттердің (құрғақшылық, зиянкестердің жаппай көбеюі) алдын алу үшін қолданылады. Деректердің жиналуы зиянкес организмдердің пайда болуы туралы болжам жасауға және қорғаныс шараларын қолдану үшін алдын-ала дайындалуға мүмкіндік береді.
Сандық деректер алқаптарды жобалау және жоспарлау үшін пайдаланылады. Аумақтың басты дақылы күріш екені маңызды. Ал, алқаптың геометриялық дәлдігі (тегістігі) күріш өсіруде суды тиімді пайдаланудың маңызды факторы болып табылады. ҰҰА арқылы алынған дәл үшөлшемді карталар жер бедерінің біркелкі тегіс емес жерлерін анықтауға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде алқаптар деңгейін түзетіп, суды айтарлықтай үнемдеуге үлес қосады.
Қызметкерді басқаружүйесі әзірленеді. Әрбір қызметкер жұмыс тәртібін, талабын, мерзімін жұмыстың жоғары дәрежеде дұрыс орындалуы және технологиялық картаға сәйкес барлық басқа да жағдайлар жайлы біледі. Цифровизациялау бұл нәзік механизмді нақты баптауға, фермадағы кадрларды басқаруға мүмкіндік береді. Мотивациялық және бонустық бағдарламаларды, рейтингтерді енгізгендіктен қызметкерге адал және тез жұмыс істеу тиімдірек болады.
Зиянкес организмдерді қашықтан бақылау жүйесі құрылады. Сонымен қатар, өндірістің барлық кезеңдерінде толық зертханалық фитопатологиялық бақылау жүргізіледі. Фермер қазақ өсімдік қорғау және карантин ҒЗИ-ның сертификатталған зертханаларында фитосараптамадан өткен, кепілденген сау тұқымдарды себеді.
«Акмая» пилоттық шаруашылығы аймақтағы барлық фермерлер үшін демонстрация алаңына айналады. Мұнда әрбір фермер өз табысын қалай арттыруға болатыны, көбірек түсім алуы, тәуекелдерді басқаруы, техникамен жұмыс істеуі және т.б. жайлы сұрақтарына жауаптар табады.