Жұлдыздар не дейді?
oldkaz.kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 31 наурызға арналған жұлдыз-жорамалы.
Тоқты
Тоқты
Кездесу ұйымдастыруға, романтикалық кешке баруға қолайлы күн. Әйелдер жағын жақын адамдары ренжітіп алуы мүмкін. Ал ер адамдар ашушаң болып, отбасында аздап жанжал туғызуы мүмкін.
Торпақ
Көңіл-күйіңізді түсірмеуге тырысыңыз. Сондай-ақ денсаулығыңызға мән беріңіз. Шөп дәрілер қолданып, халық емімен емделуге тырысыңыз. Іскерлік келіссөздер сәтті қтіп, өз пайдасын тигізетін болады.
Егіздер
Аяқ асты туындаған мәселе сіздің пайдаңызға шешілмейді. Бүгін шиеленіскен мәселе көп. Бұрынғы серіктестеріңіз қайта оралып, жаңадан ұсыныс жасауы мүмкін.
Шаян
Бүгін жақсы жаңалық болғалы тұр. Жақындарыңызбен қарым-қатынасыңыз ақырындап жақсара түседі. Ашуға көп берілмеңіз. Жаныңыздағы адамдарға көп көңіл бөліңіз.
Арыстан
Бірқалыпты күн. Бүгін отбасындағы мәселелерді талқылап, көптен жауап табу керек болған сауалдарды саралайсыз. Жұмыста серіктестеріңізден қолдау табасыз. Отбасыңызда да жұбайыңыз сізден өз көмегін аямайтын болады.
Бикеш
Басыңызды ауыртып, әрнәрсеге бола жүйкеңізді жұқартпаңыз. Өзіңіздің жасаған іс-әрекеттеріңізге есеп беріп, артық мінез көрсетуден сақтаныңыз. Сіз бұл мінезіңізбен серіктестеріңіз немесе әріптестеріңізді қорқытып алуыңыз мүмкін.
Таразы
Бүгін тереңнен ойланып, іске мығым боласыз. Бірақ көп уақытыңызды әңгіме айтуға жұмсап, аздаған мәселелер туғызуыңыз мүмкін. Көңіл-күйі жоқ, мінезі ауыр адамдардың жанына жақындамағаныңыз абзал.
Сарышаян
Жұмыстағы қиын мәселелерді шешу үшін лауазымды тұлғалардан көмек сұраңыз. Сіз солардың қолдауымен қызметте бір саты жоғарылайсыз. Қандай жаңалық естісеңіз, оның шындыққа жанасатындығына көз жеткізіп алыңыз.
Мерген
Мақсатқа жетуге кедергі келтірген мәселелерді жеңіп шығасыз. Бұл күні сіз біраз шаруа тындырасыз. Аздаған ұтысқа ие болуыңызда ғажап емес. Ішімдікке аса құмартпағаныңыз жөн. Ол сіздің денсаулығыңызға кері әсерін беруі мүмкін.
Тауешкі
Ер адамдар тек өздеріңізді ғана ойлай бермей, жаныңыздағыларға не қажет екенін ескеріп қойғаныңыз жөн. Ал әйел адамдар өз көңіл-күйлеріңізді көтеруге тырысыңыздар. Майлы тағамдардан бас тартыңыз.
Суқұйғыш
Бүгін сәл сабырсыздық танытасыз. Сондықтан барлық іс-әрекетіңізді мұқият қадағалаңыз. Жақындарыңызбен өарым-қатынасыңыз нашарлай түседі, кінәны өзіңізден іздеңіз.
Балықтар
Сізге пайдалы ұсыныс түседі. Бірақ бұл ұсыныстың соңы сіз ойлағандай керемет болмауы мүмкін. Сондықтан асықпай ойланып алыңыз. Алдағы еңбек демалысыңызға жоспар құрыңыз.