Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Синоптиктер 30 наурыз - 1 сәуір күндері ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kzTengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болады.
"20 наурыздан астрономиялық көктемнің басталуымен ауа температурасының тез жоғарылауы күтіледі. Көктемгі ауа райының құбылмалы болуы циклондар мен антициклондардың тез алмасуымен байланысты. Сондықтан алдағы үш тәулікте Қазақстан бойынша жауын-шашын, оңтүстікте жаңбыр және найзағай ғана емес, сонымен қатар, қысқа уақытқа болса да, жылы жауын-шашынсыз ауа райы болжанады", - деді "Қазгидромет" өкілдері.