Қызылордалықтар басқа өңірлерге қарағанда етті аз жейді
Қазақстандықтар көп тамақ жейтін болған, ал кейбір өнімдерді тұтыну рекордтық деңгейге жетті. Бұл олардың рационында ет пен ет өнімдерінің картоп пен жемістерден әлдеқайда жиі кездесуіне әкелді, деп жазады oldkaz.kyzylorda-news.kz 365info сайтына сілтеме жасап.
Статистика комитетінің мәліметі бойынша, Қазақстанда ет тұтыну бір жыл ішінде 5,8%-ға өсті. 2018 жылы республиканың орташа статистикалық тұрғыны 77,1 кг ет пен ет өнімдерін тұтынды. Тек қазан-желтоқсан айларында республиканың әр тұрғыны орташа есеппен 20,1 кг-нан ет тұтынды — бұл зерттеу жүргізген барлық уақыт ішіндегі ең жоғарғы тоқсандық мән (2011 жылдың басынан бастап).
Жалпы алғанда, қазақстандықтар көп тамақ тұтынатын болған — бұл өнімдердің барлық негізгі түрлеріне қатысты. Атап айтқанда, 2018 жылдың қорытындысы бойынша:
• нан өнімдері мен жармаларды тұтыну жылына бір адамға 4,7%-ға — 140 кг-ға дейін өсті;
• балық және теңіз өнімдері – 22,6%-ға (13,1 кг-ға дейін);
• сүт және сүт өнімдері — 9,5%-ға (260,4 кг-ға дейін);
• жұмыртқа — 13,5% (191,3 данаға дейін);
• жемістер — 16,1%-ға (75 кг-ға дейін);
• картоп — 3,1%-ға (48,3 кг-ға дейін);
• көкөніс (картопсыз) — 6,1%-ға (94 кг-ға дейін);
• қант, бал, шоколад, кондитерлік өнімдер және т.б. – 10,7%-ға (45,8 кг-ға дейін).
Жалғыз ерекшелік – майлар мен сары май, оларды тұтыну 2017 жылмен салыстырғанда 5,9%-ға төмендеді және жылына орташа 18,4 кг-ды құрады.
Неліктен ет картопты жеңді?
Бірақ республиканың әр аймағында рацион айтарлықтай ерекшеленеді. Мысал үшін сол ет пен ет өнімдерін алуға болады. 2018 жылдың 4 тоқсанында республиканың әрбір тұрғыны орташа есеппен 20,1 кг тұтынды.
Ең жоғары көрсеткіштер Ақмола облысында (23,1 кг), Алматы (23 кг) және Атырауда (22,9 кг).
Етті ең аз тұтынғандар қызылордалықтар (16,2 кг), Түркістан (16,5 кг) облысындағылар, сондай-ақ Нұр-Сұлтандықтар — 17,1 кг.
Астананың етті аз тұтынатын өңірлердің тізіміне кіруі күтпеген жағдай. Мұнда республикадағы ең жоғары жалақылардың бірі, ал кіріс рационға тікелей әсер етеді. Статистика комитетінің мәліметтері бойынша, жағдайы жақсы қазақстандықтардың 10%-ы 2018 жылдың қазан-желтоқсанында ет пен ет өнімдерін 3,6 есе артық жеді.
Осылайша, Ақмола облысында бір тоқсанда Қызылорда облысына қарағанда етті 42,6%-ға артық жеген.
Картопты тұтынуда да осындай теңгерімсіздік. 2018 жылдың қазан-желтоқсанында орташа қазақстандық 12,7 кг картоп тұтынды – бұл етке қарағанда 60%-ға аз.
Егер өнімнің басқа түрлері туралы айтатын болсақ, онда:
• 2018 жылдың 4 тоқсанында халықтың жан басына шаққанда ең көп нан мен жарма Түркістан облысында тұтынылды – 46,6 кг;
• ең көп сүт және сүт өнімдерін тұтыну Алматыда (77,5 кг), ең аз – Қызылорда облысында (47,1 кг);
• 2017 жылдың қазан-желтоқсанында Ақмола облысының орташа тұрғыны 5,7 кг май мен сары май жеді. Нұр-Сұлтанда — 3,4 кг-ға кем;
• Алматы облысында бір тоқсанда көкөністерді тұтыну (картопсыз) 28,2 кг құрады — Ақтөбе облысына қарағанда үштен екіге көп (17,2 кг);
• Қант, бал және шайға тәттілерді Шымкентте (тоқсан бойынша 13,7 кг), ең аз – Нұр Сұлтанда (8,7 кг) жейді.