29 наурыз күні жел күшейіп, оңтүстікте бұршақ жаууы мүмкін
Қазгидромет 28 наурыз күнгі ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, түнде облыстың басым бөлігінде жел 15-20, кей жерлерде 25 м/с жылдамдықпен соғады. Күндіз кей жерлерде жел екпіні 15-20 м/с жетеді.
Қызылорда облысында тұман, шаңды дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Түнде кей жерлерде найзағай, дауыл күтіледі.
Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсіп, найзағай жарқылдайды. Күндіз кей жерлерде жел екпіні 15-20 м/с болады.
Түркістан облысында таңертең және күндіз найзағай жарқылдайды, жел қарқыны 15-20 м/с дейін күшейеді.
Ақмола, Қарағанды, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді. Қостанай облысының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі.
Шығыс Қазақстан мен күндіз Ақтөбе облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшеюі мүмкін.
Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел екпіні 15-20 м/с болады.
Павлодар, Маңғыстау обылстарында, түнде Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде көктайғақ болуы ықтимал.