30 наурыз: Атаулы күндер мен оқиғалар
2001 жылы «Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» Халықаралық стипендиясы стипендиаттарының Қауымдастығы» құрылды. Қауымдастықтың негізгі міндеттерінің бірі - Әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу үшін түлектердің күш-жігерін, зияткерлігін, шығармашылығын және іскерлік әлеуетін біріктіру, Қазақстан Республикасының экономикалық, әлуметтік және саяси прогресіне мүмкіндік беретін жасампаздық іс-шараларды өткізу. «Болашақтықтардың» құқықтары мен қызығушылықтарын қорғауға, біртұтас шаңыраққа біріктіріп ұйымдастыруды Қауымдастық өзіне жауапкершілікке алды.
2006 жылы Қазақстанда Халықаралық жазушылар мен публицистер қауымдастығының ресми өкілдігі ашылды. Халықаралық қауымдастықтың еліміздегі өкілдігі Алматыда орын тепті. Әлемнің 35 мемлекетінде 4 жылдан бері тыңғылықты жұмыстар атқарып келе жатқан қауымдастық біздің ақын-жазушыларымызды, публицист-журналистерімізді сол елдерге таныту мақсатында жұмыстар атқаратын болады. Қауымдастықтың штаб-пәтері Лондонда, Орталық Еуропа бюросы Прагада, баспа орталығы мен Басқарма орны Ригада орналасқан.
2011 жылы 30 қаңтар мен 6 ақпан аралығында Алматы, Астана қалаларында 7-ші Қысқы Азия ойындары өтті. Кері есептеу таблосын іске қосу салтанаты Астанамен бір мезгілде Алматы қаласында да өтті. Еліміздің бас қаласында табло «Астана-Арена» жаңа футбол стадионының алаңында орнатылса, оңтүстік астанада ол Балуан Шолақ атындағы спорт сарайының алдында орын тепті.
2010 жылы Ислам Конференциясы Ұйымының жанынан Қазақстанның Тұрақты өкілдігі ашылды.
2010 жылы Алматыда жыл сайын өтетін Орталық Азиядағы ең ірі сән апталығы - Kazakhstan Fashion Week (KFW) болды. Онда алғаш рет Қазақстанның show-room залы ашылды.
2012 жылы Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсірген «Әнші балапан» фильмі Голливудте International Family Film Festival халықаралық фестивалінде «Үздік шетелдік драма» номинациясындағы награданы иеленді. «Әнші бала» фильмінде ауылға ата-әжесіне демалысқа келіп, далалық өмірге тап болған қалалық баланың тарихы бейнеленеді.
2015 жылы Алматыда Dostyk Plaza сауда орталығының аумағында Қазақ хандығының құрылуы мен дамуына үлес қосқан тарихи тұлғаларға тоғыз ескерткіш орнатты. Бұл сый Қазақ хандығының 550-жылдығына арналды. Қала орталығына Абай, Құрманғазы, Наурызбай батыр, Қабанбай батыр, Алтын адам, Абылай хан, Жәнібек хан, Керей хан, Шоқан Уәлиханов ескерткіштері орнатылды.
2017 жылы Норвегия Корольдігінің Қазақстандағы құрметті консулдығының ашылу рәсімі болды.